- Advertisement -

Бәсекелестікте білімділер жеңіске жетеді

39

- Advertisement -

Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасының өскелең ұрпаққа айтқан кеңестері:
1. «Жастарға айтатын бір сөзім бар – қазіргі өсіп келе жатқан жастар дүниежүзінде жұмыс істейді. Солай ғой? Бүгін қазақтың бармайтын жері бар ма? Қазіргі біздің жастарымыз дүниежүзінің азаматтары болды. Жас кезінен әр адамның құқығын сақтауға, әр адамды түсінуге, әр адамды тыңдауға үйрену керек. Сонда ғана бізді сыйлайтын болады».
2. «Адам өмір сабақтарын өзіне тәжірибе ретінде сіңіріп, сосын жастарға кеңес береді. Қазір біздің жастар бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасайды. Жол да, шекара да ашық. Қалаған жерде білім алып, қалаған жерде тұрып жатыр. Ол жақтағы жағдай мен өзіміздегі жағдайдың қандай екенін көріп отыр. Сондықтан да жастар ең алдымен нық білім негізін қалап алуға ұмтылулары қажет. Жастық шақ пен мүмкіндікті керексіз ойын-сауыққа жұмсамағандары жөн, олардың барлығы кейін келеді».
3. «Бәсекелестік тек мемлекеттер арасында ғана емес, әрбір адамның арасында жүріп жатыр. Осындай бәсекелестікте тек білімі жоғарылар жеңіске жетеді».
4. «Жастар кез келген жұмыста өзін жақсы қырынан көрсетуі қажет. Сол жұмысты жетік меңгеріп, өзінің шағын ғана ұжымында жетістікке жетіп, мойындатуы керек».
5. «Бұл өмірде жетістікке жету үшін денсаулығы мықты болуы қажет. Өз денсаулығын сақтауы керек. Оны құртатын заттардан аулақ болған абзал».
6. «Әр азамат өз Отанын, халқын сүйіп, отансүйгіш болу қажет деп санаймын. Оның ішінде де, одан тыс та оған қызмет етуі тиіс».
7. «Осындай адамды тәрбиелесек – мемлекет пен жастардың болашағы алаңсыз болмақ».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support