- Advertisement -

Оқушылары Кітапты көп оқитын мектеп

49

- Advertisement -

Ақпараттық технология күн санап дамыған мына заманда балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын ояту – қиынның қиыны. Әйтсе де солай екен деп қол қусырып, қарап отыруға әсте болмас. Сондықтан облыстық білім басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды қабілетін дамытып, кітап оқуды насихаттайтын кітапханашылар арасында арнайы конкурс ұйымдастырды. Тараз қаласындағы №39 мектепте өткен «Ең үздік кітап оқитын мектеп» атты шараға 11 мектептен 71 оқушы, 11 кітапхана қызметкері қатысты.
Аудандық және қалалық іріктеу кезеңінен өткен кітапханашылар 4 кезең бойынша сынға түсті. «ХХІ ғасыр кітапханасы» атты кезеңде мектеп кітапханалары таныстырылса, «Кітапхана – оқырман елі» кезеңінде маманның жұмысы бағаланды. Ал үшінші және шешуші кезеңде 9-10-сынып оқушыларының білімдері сараланғанын айта кеткен жөн. Негізі балалардың шығармашылық қабілеттерін, кітап оқу деңгейін анықтау үшін оқушылар оқуға тиіс 100 кітаптың тізімі ұсынылған болатын. Тізімдегі қазақ, орыс, шетел әдебиеттерінен викториналық сұрақтар қойылып, қатысушылар белгілі бір шығарма желісі бойынша көріністерді сахналады.
11 команда қатысқан байқауда Тараз қаласындағы №22 орта мектеп бас жүлдені жеңіп алды. Талас ауданындағы мектеп-лицей бірінші орынды иеленсе, екінші орынды Жамбыл ауданы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі, үшінші орынды Меркі ауданындағы №1 мектеп жеңіп алды.
Байқауда «Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы» атты кітапхана көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қойылған кітаптар – тарихи туындылар және Елордаға арналған кітаптар.

 

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support