- Advertisement -

2019 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының жағдайы туралы

40

- Advertisement -

Депозит нарығы. 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Жамбыл облысындағы екінші деңгейдегі банктердің филиалдарындағы (бұдан әрі – Банктер) депозиттердің көлемі 142 608,2 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2% немесе 15 216,4 млн. теңгеге көп. Оның ішінде 107 073,4 млн. теңге немесе 75,1% ұлттық валютадағы депозиттер және 35 534,8 млн. теңге немесе 24,9% шетел валютасындағы депозиттер. Депозиттердің салымшылар бойынша құрылымы жеке тұлғалардың депозиттерінің басымдылығымен сипатталады. 2019 жылғы 1 сәуірге жеке тұлғалардың салымдары 130 567,9 млн. теңгені немесе облыстағы жалпы депозиттердің 91,6%-ын құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл ішінде 29,7%-ға артып, 2019 жылдың I тоқсанының аяғында 12 040,3 млн. теңгені құрады.
Республика бойынша жалпы депозиттердің көлемінде облыс депозиттерінің үлесі 1,4% құрады.
Ағымдағы жылдың I тоқсанында банктермен жалпы сомасы 210 816,5 млн. теңгеге депозиттер тартылған, бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 98,4% немесе 104 552,9 млн. теңгеге көп. Есепті кезеңде ұлттық валютадағы тартылған депозиттердің көлемі жалпы тартылған депозиттердің үлкен бөлігін құрады – 93,7%, ал шетел валютасында тартылған депозиттердің үлесі 6,3% құрады. 2019 жылғы 1 сәуірге депозиттердің жалпы көлеміндегі ұзақ мерзімді салымдардың үлесі 40,0%-ды (немесе 56 988,0 млн. теңгені) және қысқа мерзімділер – 59,4%-ды (84 702,4 млн. теңгені) құраса, ал қалған 0,6%-ын (917,8 млн. теңге) шартты және талап етілген депозиттер құрайды. Мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі ұзақ мерзімді депозиттердің көлемі 2019 жылғы 1 сәуірге 43 792,1 млн. теңгені құрады, бұл ұзақ мерзімді салымдардың 76,8%-ын құрайды, мерзімі 5 жылдан жоғары салымдардың көрсеткіштері – 13 195,9 млн. теңге немесе 23,2%-ды құрайды. Қысқа мерзімді салымдардың құрылымында мерзімі 3 айдан 1 жылға дейінгі депозиттер айтарлықтай үлесті құрайды. Мұндай салымдарға қысқа мерзімді депозиттердің 94,8%-ы (80 274,6 млн. теңге) тиесілі. Мерзімі 1 айға дейін және 1 айдан 3 айға дейінгі депозиттердің үлесі қысқа мерзімді депозиттердің жалпы көлемінің сәйкесінше 4,7%-ын (3 993,7 млн. теңге) және 0,5%-ын (434,0 млн. теңге) құрайды.
Несие нарығы. 2019 жылдың I тоқсанында банктермен берілген несиелердің көлемі 50 642,4 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,3%-ға жоғары (2018 жылдың I тоқсанында 37 428,0 млн. теңге сомасында несиелер берілген). Берілген несиелердің жалпы сомасының басым бөлігі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 50 633,6 млн. теңге. Шетел валютасында берілген несиелердің сомасы теңгедегі баламасында 8,8 млн. теңгені құрады. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 35 007,6 млн. теңге немесе 69,1% құрады, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 15 634,8 млн. теңгені (30,9%) құрады.
Банктер несиелердің негізгі бөлігін жеке тұлғаларға берген. Олардың үлесі 34 816,2 млн. теңгені немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 68,7% құрады. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 15 826,2 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы сомасынан 31,3% құрады.
Жамбыл облысындағы несиелер бойынша қарыздардың қалдығы сәйкес мерзімге 200 379,9 млн. теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда 19 054,9 млн. теңгеге немесе 10,5%-ға жоғары. Қарыздардың құрылымында теңгедегі несиелердің үлес салмағы 99,4% немесе 199 159,5 млн. теңгені құраса, қалған 0,6% — шетел валютасында ұсынылған несиелердің (1 220,4 млн. теңге) үлес салмағын құрады. Жеке тұлғалардың несиелік қарыздары 169 304,2 млн. теңгені немесе жалпы несиелік қарыздар көлемінің 84,5%-ын құрады, ал заңды тұлғалардың қарыздарының үлесі 31 075,7 млн. теңгені немесе 15,5%-ды құрады.
Несиелердің мерзімдік құрылымында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды. Бұрынғысынша ұзақ мерзімді несиелер берешек сомасының айтарлықтай үлесін құрайды. 2019 жылғы 1 сәуірге олардың көлемі 184 537,7 млн. теңгені немесе несиелердің жалпы көлемінің 92,1%-ын құрады. Қысқа мерзімді несиелердің көлемі 15 842,2 млн. теңгені (7,9%) құрады. Жалпы облыс несиелерінің барлық түрлері бойынша орташа мөлшерленген сыйақы ставкасы 2019 жылғы наурыз айының соңында 15,2% болды (былтырғы жылдың сәйкес кезеңінде 15,8%-ды құрады). Ұлттық валютадағы несиелер 0,5%-ға төмендеп, 15,3%-ды, ал шетел валютасындағы несиелер 7,4%-ға төмендеп, 3,5%-ды құрады. Заңды тұлғалардың несиелері бойынша орташа мөлшерленген сыйақы ставкасы 11,6%-ды (01.04.2018 жылы – 12,6%), ал жеке тұлғалардың заемдары бойынша орташа мөлшерленген сыйақы ставкасы 15,9%-ды құрады (01.04.2018 жылы – 16,6%).
2019 жылдың I тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің көлемі 13 849,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,5%-ға жоғары (2018 жылдың 1 тоқсанында 7 384,7 млн. теңге сомасында несиелер берілген). Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиелердің жалпы сомасының барлық үлесі ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады. Ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 2 881,8 млн. теңге немесе 20,8%-ды құрайды, сәйкесінше қысқа мерзімді несиелер 10 967,7 млн. теңгені (79,2%) құрады.
Заемдардың мақсатты бағытталуы бойынша халықтың тұтынушылық мақсатына берілген несиелер негізгі бөлікке ие. Олар 113 450,5 млн. теңгені немесе облыс бойынша барлық несиелер сомасының 56,6%-ын құрайды. Азаматтардың тұрғын үй салуына және сатып алуына берілген несиелердің сомасы 29 613,4 млн. теңгені немесе 14,8%-ды құрады.
Облыстың несие нарығына талдау жасай отырып, заемдар бойынша мерзімі өткен берешектердің кемігендігін айтып өткен жөн. 2018 жылдың 1 сәуіріне банк несиелерінің жалпы сомасының 8,5%-ы немесе 15 414,4 млн. теңге мерзімі өткен берешектер болса, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне бұл көрсеткіштер сәйкесінше 13 948,2 млн. теңгені (7,0%) құрап отыр. Мерзімі өткен берешектердің жалпы көлемінен азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына берілген несиелер 49,3%-ды, азаматтардың тұрғын үй салу және сатып алуына берілген несиелер 9,6%-ды құрап отыр. Шағын кәсіпкерлік бойынша мерзімі өткен берешектер 2019 жылғы I-ші тоқсанның соңына 4 353,2 млн. теңгені немесе шағын кәсіпкерлікке берілген несиелердің жалпы көлемінің 10,9%-ын құрады.

Қуаныш Оразғалиев,
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл
филиалының бас маман-бақылаушысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support