- Advertisement -

Ерекше жандардың көрсеткен өнері де ерекше

80

- Advertisement -

Еліміздің «Білім туралы» Заңы 3-бабының 1, 2-тармақтарында Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі, әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады деп көрсетілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше көңіл бөліну қажеттігі айтпаса да белігі. Осыған байланысты Жастар жылы аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Мен өмірге құштармын» атты байқау өтті.

«Өнер жүрегі» және инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімдеу орталығы ұйымдастырған сайысты Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Жамилә Темірғалиқызы мен «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Айгүл Қабиева ашып берді. Өйткені сахнаға шығып, таныстырылған байқау талапкерлері аталған орталық пен  «Мәдениет және өнер» кафедрасының  студенттерінен құралыпты.

Жас буынның өнерге деген құштарлығын арттырып, кейінгі ұрпаққа қолдау көрсетіп, шығармашылық деңгейлерін көтеру мақсатында өткен  конкурста сахна өнері, сөз құдіреті арқылы жас жеткіншектердің ұлттық-рухани мәдениетін қалыптастыру да көзделді. Соған сәйкес, өнердің  әртүрлі жанрлары бойынша бақ сынаған қатысушылардың  билеу, әнді нақышына келтіріп орындауы, айту ырғағы, сахна  шеберлігі мен сахна  мәдениетінің сақталуы қадағаланды.  Сайыстың  шартына сәйкес үміткерлер ән орындап, поэзиялық жыр шұмақтарын оқыды.

«Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу» орталығының аға үйлестірушісі, «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, аталған іс-шараны өткізуге мұрындық болған Сандуғаш Үсенова: «Инклюзивті білім беру – баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату үдерістерінің бірі. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына білімқұмар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді, – дейді.

Дене  бітімі мен қимыл-қозғалысына қарамастан, тамылжыта салған әндері тыңдаған әрбір жанды тебірентті. Мәнерлеп оқыған өлеңдері бойды шымырлатты.

«Мен өмірге құштармын» байқауына қазылық еткен алқа мүшелері арулар мен  жігіттердің жүріс-тұрысына, сахнадан кіріп шығуына, сөйлеу мәнеріне дейін  баға берді. Қатысушылардың бәрі де құр қол қайтқан жоқ. Олар «Ең жарық жұлдыз», «Жігерлі жас»,  «Ең үздік дауыс», «Екі  жұлдыз»  сынды аталымдар бойынша марапатталып, Алғыс хатқа ие болды

Альмира ОМАРОВА

.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support