Қазақстан құрамасы жағажай футболынан Норвегия ойыншыларын ірі есеппен жеңді 

Испанияның Салоу қаласында өтіп жатқан әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғашқы жеңісіне қол жеткізді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үшінші жарыс күнінде жағажай футболынан Қазақстан командасы 5:1 есебімен Норвегияны жеңді. Алғашқы голды норвегиялық ойыншы өз қақпасына соғып алғанын айта кету керек. Гол авторлары: Кристофферсен, Тюльпа, Мұралинов (2), Демешко, Сальвесон.

Осыған дейін, 9 мамырда 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Португалия футболшыларымен кездесіп, 10:2 есебімен жеңілген. 10 мамырда отандастарымыз Германия құрамасымен кездесіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бүгін біздің жағажай футболшыларымыз Чехия ойыншыларымен бақ сынайтын болады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/