- Advertisement -

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасын жария етті

24

- Advertisement -

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасын жария етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресми сайтында сайлауалды бағдарламасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарлама «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.  

Аталмыш бағдарламада Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған.

Бағдарлама Сабақтасқтық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.

Кеше кешкі сағат 18:00-ден кейін Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат шаралары басталды.

kazinform.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support