- Advertisement -

Мәселені шешу мамандарға байланысты

26

- Advertisement -

Облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Серік Құсайынов пен Петр Шарапаев Тараз қаласындағы «Nur Оtan» партиясы облыстық филиалының ғимаратында азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға бірінші кезекте тіркелген Шөлдала иінінің тұрғыны Гүлжазира Садуақасова «Ветеран» саяжайындағы үйін жекешелендіру мәселесімен қайырылды. Ал Байзақ ауданының тұрғыны Айгүл Бүрлібаева атаулы әлеуметтік көмек алу жайымен келіпті. Тараздық Алтынай Әбдіқұлова да осындай сипатта көмек алуына банктің есеп-шотын жауып тастауы қолбайлау болып отырғанын алға тартты. Себебі несиесін уақтылы төлей алмаған. Ол денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулілігі жөніндегі құжаттарын да рәсімдей алмай жүр екен. Алтынай Әбдіқұлова сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй алуға қандай мүмкіндігі бар екендігін де білгісі келетінін жасырып қалмады.
Осы күні қоғамдық қабылдауға келген «Мыңбұлақ» шағын ауданының тұрғыны Гүлназира Естайбекова облыс орталығынан уақытша тұратын пәтер алуына көмек берілуін сұранды. Ол биология пәнінің мұғалімі екен. Мектепке жұмысқа да тұра алмай жүрген көрінеді.
Қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың өтініштерін тыңдаған Парламент Мәжілісінің депутаттары жеке мәселелерімен қайырылған азаматтарға заң аясында түсінік беріп, жауапты мамандарға тиісінше тапсырмалар берді.

Ерман Әбдиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support