- Advertisement -

Өңір тұрғындарының күнкөріс деңгейі өсуде

26

- Advertisement -

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, бұл – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығындардың бекітілген үлесінен тұрады.
Еске сала кетейік, күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
Бұл тұрғыда үстіміздегі жылдың наурыз айында мұның алдындағы ақпан айымен салыстырғанда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 1,5 пайызға өскені байқалуда. Сөйтіп, облыс бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа есеппен 24 748 теңгені құрап отыр. Бұл шама жаңа туған сәбилер мен 13 жасқа дейінгі балалар арасында – 19 802, 14-17 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздарда – тиісінше 31 358 және 24 033, 18 жастан асқан еңбекке жарамды ерлер мен әйелдерде – тиісінше 29 442 және 23 376, ал зейнеткерлер мен қарт кісілерде 23 270 теңге көлемінде есептеліп шығарылған.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support