Тоқаев жұмыс сапармен Алматыға келді 

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Президенті жұмыс сапармен Алматы қаласына келді. Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және мәдени нысандарды аралайды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұртшылық өкілдерімен, көпбалалы аналармен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесулері жоспарланған», — деп жазды Берік Уәли.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараларға қатысады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/