- Advertisement -

Татулықтың туы тұрар желбіреп

51

- Advertisement -

Ғажап елім, ұлылардың жалғасы,
Көк жүзінде қыран сынды самғашы.
Қазақстан – бауырмалдық айнасы,
Қазақстан – татулықтың ордасы.

Сенсіз жүрек қалатындай қаңырап,
Сенен басқа болсын қандай тағы бақ?
Менің елім – мейірімнің Отаны,
Жүз отыз ұлт сыйып кеткен шаңырақ.

Ай да, жыл да, ғасыр, дәуір өтеді,
Бәрі-бәрі тарих болып кетеді.
Қазақстан – жүрегі кең даладай,
Қазақстан – жақсы адамдар мекені.

Біз қараймыз айналаға елжіреп,
Қазақстан құлпырар кез келді деп.
Қазақстан – Хан Тәңірі достықтың,
Татулықтың туы тұрар желбіреп.

Гульрух ГАДЖАРОВА,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support