- Advertisement -

Көздегеніміз – көркею

41

- Advertisement -

Егемендікке қол жеткізген ширек ғасырдың ішінде еліміздегі нық орныққан ішкі тұрақтылықтың негізі – этносаралық бірлік. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңда қазақ халқымен тарихи тағдыры біріккен республиканың барлық азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайды және ұлтына қарамай барлығы тең құқыққа ие екені атап көрсетілген. Бұл – еліміздің ұлттық саясатының ең басты қағидасы. Ал этнос өкілдерінің көздегені – мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін стратегиялық жоспарларды дұрыс жүзеге асыру, елді көркейту.
Кеңестік дәуірден кейін Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының ерекше сипаты этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау болды. Қазақстан халқының бірлігі мерекесінің жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтілуі – осының нақты дәлелі. Мемлекетіміз жаңа кезеңге аяқ басқалы тұрғанда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің, яғни Қазақстан халқының бірлігі жарасып, татулықта болуы мемлекеттің әр мүшесі үшін маңызды. Осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралар да өзге ұлт өкілдерінің ауызбіршілігін білдіреді.
Өткен ғасырда елдегі өзге ұлт өкілдері де, орыс халқы да аумалы-төкпелі заманды бастан өткергені белгілі. Біз – сол қиын кезеңнің куәгеріміз. Сонау аумалы-төкпелі уақытта қазақ халқы барлық ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Ешқандай да жатсынуды білмеген осынау мінезі дархан даладай ұлы халыққа шексіз ризашылығымды білдіремін. Барлық ауыртпалықты осы ұлтпен бірге көтеріп, тәуелсіздікке де бірге қол жеткіздік. Аз ғана уақыттың ішінде алпауыт мемлекеттермен иық тірестіре алатын деңгейге көтерілдік. Облыс орталығынан ең шалғай орналасқан ауданда да түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олардың діні, тілі бөлек болса да, тілегі бір. Біз де өз кезегімізде ауданымыздың күннен-күнге көркейтіп, оның дамуы жолында бірлесіп, біртұтас ел ретінде аянбай еңбек ете бермекпіз.

Зинаида ДЕМЬЯНОВА,
орыс ұлтының өкілі.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support