- Advertisement -

Сарқылмас берекенің бастауы

25

- Advertisement -

Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына тұрақты түрде қатысу – мен үшін үлкен абырой. Ынтымақ пен тұрақтылық, саяси-экономикалық тақырыптар кеңінен қаузалатын жиында əлемдік деңгейдегі мəселелер де назардан тыс қалған емес. Міне, зер салып зерделесеңіз осыдан-ақ бұл жиынның маңыздылығын аңғаруға болады. Жыл сайын еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің осылай бас қосып, өзара пікір алмасып, ой бөлісуі – Ассамблеяның алтын шаңырағын асқақтата түсетіні анық.
Ассамблея – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі. Елдік мәселелерді қозғап, сан түрлі ұлт өкілдерінің өмірлік тəжірибесімен бөлісетін пікірлесу алаңы. Елбасы сессияда сөйлеген сөзінде: «Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді. Көп этносты еліміздің басын біріктіретін, әрқайсысының пікірін тыңдайтын үлкен мінбе болып саналады. Бүгінде құрылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып отыр», – дей келе, жаһандық әлем көз алдымызда қуатты трансформацияны бастан өткеруде екенін атап өтті.
Бүгінде экономика, қоғам өмірі, технологиялар түбегейлі өзгеруде. Дегенмен мұндай жаңашылдықты біз тез қабылдап, көбіне үйренудеміз, сондай-ақ оның басым бөлігін меңгеріп те үлгердік. Осы және өзге де маңызды құндылықтар сөз болған Ассамблея отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы аса маңызды фактор болашақ әлемде біздің бәсекеге қабілеттілігімізді айқындайтынын жеткізді.

Зураб ДЖАНАШИЯ,
«Самшобло» грузин этномәдени бірлестігі»
қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support