- Advertisement -

Тіл жанашырларын марапаттады

24

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының жариялануына 2 жыл толуына орай «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Шараны облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нәбира Сүйманова кіріспе сөзбен ашты.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, доцент Күлзинат Қарымбаева мен аталған ЖОО-ның аға оқытушысы Балмира Мырзабаева 2018 жылғы 6 желтоқсанда қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия мақұлдаған жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін түсіндіру жұмыстарына тоқталып, аталған ережелерге қатысты туындап жатқан сұрақтарға жауап берді.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы өңірде мемлекеттік тілді дамытуға және тіл саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін облыстық «Aq jol» газетінің Директор-Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлын Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіру жұмыстарына өз үлестерін қосып жүрген бір топ тіл жанашырлары да елеусіз қалған жоқ.

«Aq jol-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support