- Advertisement -

Біз алдымызда отырған оқушының алдында жауаптымыз — Күләш Шәмшидинова

21

- Advertisement -

Біз алдымызда отырған оқушының алдында жауаптымыз - Күләш Шәмшидинова

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат — ҚР білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын №5 көпбейінді гимназиясына, Семей қаласындағы №49 орта мектепке, сондай-ақ, аталмыш мектеп ішінен ашылған   «Педогогикалық — психологиялық түзету» кабинетінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қалалық білім бөліміне сілтеме жасап.

Кездесу барысында министр Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын №5 көпбейінді гимназиясынының көпжылдық тарихына қарамастан, жаңа заман талабына сай екенін атап өтті. Мектеп НЗМ стандарттарына сай жаңа технологиялармен жабдықталған.

Сондай-ақ, Күүләш Шәмшидинова «Дара» қорының көмегімен ашылған, бүгінгі күні 400-ден  астам баланы қамтып отырған «Педогогикалық — психологиялық  түзету» кабинетіне барды. Мұнда әр балаға тиісті жағдай жасалған. Министр мектеп ішінен ашылған кабинет жайлы:

«Корекциялық кабинет жайында бірнеше рет естігенмін, бүгін ойымдағыны көргендей болдым. Бұл — ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеу, оңалту және ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-анасына кеңес беру, көмектесу қызметін көрсететін  бірден-бір орын», — деді.

Күләш Ноғатайқызы педогогикалық ұжыммен кездесіп, ұстаздарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді. Министрге кітапханашылар мен әдіскерлердің еңбекақысы, критериалды бағалау, білім беруде шет тілдердің енгізілу жүйесі туралы сұрақтар қойылды.

Ұлт көшбасшысының жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көтеру бастамасы мұғалімдерге де қатысты.

«Ең бірінші кезектегі мәселе — табысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын 30%-ға көтеру. Қазір ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде есеп жүргізіліп жатыр. Дайын болғанда хабарлаймыз», — деді министр.
Біз алдымызда отырған оқушының алдында жауаптымыз - Күләш Шәмшидинова

Министр өз сөзінде мектептердің жаңа бағдарламаға көшу себептеріне баса назар аударды.

«Бұдан ары да өзгерістер болады, жұмыс жасалады. Себебі, біз алдымызда отырған оқушылардың, олардың ата-анасы мен мемлекет алдында жауаптымыз. Бүгінде заман талабына сай еңбек нарқы өзгеріп жатыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу өте маңызды. Балаларға ойлануды, ойын жеткізуді үйретуіміз керек», — деді Күләш Шәмшидинова.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support