Сахнада – жас таланттар

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өнерлілердің талабын шыңдауды көздейтін республикалық «Жұлдызай» байқауы талай үміткерге қуаныш сыйлап жүргені анық. Дәстүрлі байқау биыл 14-ші рет өткізілмекші. Байқаудың облыстық іріктеу кезеңін облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова сөз сөйлеп ашып, жас талапкерлерге сәттілік тіледі.
Мұнан соң 70 үміткер бақ сынаған өнер сайысы басталып кетті. Біз бұл байқауға балалардың жоғары деңгейде дайындалып келгендігін аңғардық. Шын үздікті анықтау қазылар алқасына да оңай соқпады. Дегенмен нағыз талантты таңдай білді. Мәселен, «Вокал» аталымы бойынша Жамбыл ауданындағы №1 орта мектептің оқушысы Ерғазы Кеңесбай жеңімпаз атанса, «Хореография» аталымы бойынша Тараз қаласындағы көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушілері «В этом маленьком мире» модерн биімен бас жүлдені иеленді. «Аспапта орындау» аталымы бойынша Тараз қаласындағы №42 орта мектептің оқушысы Айдос Есіркепов «Слезы» композициясымен, «Ым-ишаратпен ән айту» аталымы бойынша облыс орталығындағы «Мейірім» мектеп-интернатының оқушылары «Мы все равны» әнімен байқаудың жеңімпаздары деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс әкімдігі білім басқармасының Құрмет грамоталары мен сыйлықтарына ие болды.
Енді бұл жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан балалар биылғы республикалық «Жұлдызай» байқауында өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

Е.Жаңабайұлы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/