Алатаудан, Арқадан, Ақындарым келдің бе!

Кеше Тараз төрінде «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» деген атпен республикалық ақындар айтысы өтті.

«ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбылдың құрметіне арналған аламанға өңірімізден – 8, еліміздің әр қиырынан 12 ақын қатысып, дода бәсекесін қыздырды.
Сөз сайысының алдында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халқымыздың айтулы ақыны Жүрсін Ерман, жерлесіміз, композитор, Қазақстан және Қырғыз Республикаларының Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Сембинаның қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Өңірлік коммуникациялар алаңында спикерлер жыр додасы қай бағытта өрбитіні жайлы ойларымен бөлісті.
Баласағұн орталық концерт залында өткен аламан айтыста «Алтын домбыра» айтысының екі дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязов, сөз зергерлері Аспанбек Шұғатай, Айбек Қалиев, талантымен талайды тамсандырған Дидар Қамиев және өзге де ақындар топқа түсті.
Ақтық айтыста қызылордалық Мұхтар Ниязовпен сынға түскен жерлесіміз Қанат Мырзахан бас жүлдені иеленіп, Әулиеата тұрғындарының абыройын асқақтатты.

(Айтыс туралы мақаланы газетіміздің
келесі санынан оқисыздар).

Comments are closed.

https://4store.com.ua/