- Advertisement -

ГАЗ ЖОҚ, ЖОЛ ТОЗҒАН

35

- Advertisement -

Тереңөзек ауылынан Шолаққайыңды бөлімшесі бар-жоғы жеті-ақ километр қашықтықта орналасқан. Осы екі ауылды байланыстырып жатқан автокөлік жолымен Шолаққайыңды ауылынан күн сайын 5-10-сынып оқушылары және бүлдіршіндер арнайы бөлінген автобуспен, арнайы көлікпен тасымалданады. Алайда осы екі ауылдың арасындағы жол әбден тозып, апатты жағдайға жеткен. Ата-аналар автокөлікпен білім беру мекемелеріне қатынап оқитын, тәрбиеленетін балаларының амандығына алаңдайды. Құрық-шұрық ойылып кеткен жол үстінде балалар мінген көлік кез келген уақытта аударылып қалуы мүмкін. Әрине ондай апаттың бетін аулақ қылсын, дегенмен сақтықта қорлық жоқ екені естен шықпаса екен. Сақ болу үшін жолдың тақтайдай тегіс болуы тиіс.
Тағы бір мәселе – газ. Ақыртөбе аймағындағы барлық елді мекен «көгілдір отынның» рахатын көріп отырғанымен, Шолаққайыңдыға белгісіз себептермен газ тартылар емес. Жол мен газ мәселесі жыл сайын аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен есеп беру, кездесу жиынында айтылады. Бірақ нәтиже жоқ.

Бейбіт БАЙСАРИЕВ,
зейнеткер.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support