- Advertisement -

Жастар «SARQYT» берді

41

- Advertisement -

Облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мен «Ақ желкен» жастар лигасы бірлесіп «SARQYT» қайырымдылық акциясын өткізді. Ұлы Даланың дәстүрлерін жаңғыртқан игі шара – Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар жылына орай ұйымдастырған бастамасы.
Жігерлі де жалынды жастар бірлесіп, қаржы жинап, көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, тұрмысы төмен тараздық 5 отбасыға азық-түлік және басқа да керекті заттар әперді. Аты затына сай акцияның мақсаты – халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін дәріптеу, насихаттау. Акция аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған, арнайы мектептерде тәрбиеленетін бүлдіршіндерге сый-сияпат жасалды. «Қолдауға мұқтаж жандарға жәрдем беруге қашанда дайынбыз. Мемлекет басшысы бізді қолдап, алдыңғы толқын ағалар үлгі көрсетіп жатса, неге жақсы іс жасамасқа? Біз аға буынның ісін жалғастырып, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бізге артқан сенімін ақтаймыз. Сарабдал саясатын жүзеге асыру үшін берілген тапсырмаларды орындаймыз. Себебі бірлік бар жерде ғана тірлік болары хақ», – дейді Ассамблея жастары.

Назерке ОҢҒАР,
облыс әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» мекемесі баспасөз қызметінің хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support