- Advertisement -

Тестті ағылшынша тапсырған үздік талапкер «Болашақ» стипендиаты атанады

142

- Advertisement -

Елбасы ұсынған «Болашақ» бағдарламасының әлемде баламасы жоқ деуге де болады. Жастардың шетелдің айтулы оқу орындарында білім алуына жол ашатын аталған бағдарлама биыл мектеп бітірушілерге тағы бір мүмкіндік ұсынып отыр. Енді түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді ағылшын тілінде үздік тапсырса, «Болашақтың» грантын иеленеді.
Биыл ҰБТ-ны өткізу форматы өзгергені белгілі. Өтініш білдірген талапкерлер ұлттық бірыңғай тестілеудің 3 кезеңінің қорытындысы бойынша ақылы оқуға түсе алады. Тек маусымда өтетін ҰБТ-ның қорытындысы ғана мемлекеттік грант конкурсына қатысуға мүмкіндік береді. Алайда бір артықшылығы сол кезеңдерде мектеп бітіруші тестті ағылшын тілінде үздік тапсырса, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға қабылданады. Бұл – үлкен мүмкіндік және жарқын болашаққа жетелер нақты қадам.
«Болашақ» стипендиясы – жастарға жарқын болашаққа жол сілтейтін нақты бағдар. Негізі ол халыққа арналған бағдарлама. Себебі оқуға ұмтылғандардың жасына ешқандай шек қойылмайды. Бастысы – шетелде оқуға мүмкіндік алған азаматтар жан-жақты тәжірибе жинақтап, өз елінде сол алған білімін мемлекеттің игі мақсаттарына қолданса болғаны.
ХХІ ғасыр – білімді, білікті, бәсекеге қабілетті жастардың кезеңі. Сондықтан сапалы білім алуға ұмытылып, шет тілін үйреніп, «Болашақ» бағдарламасы арқылы зор мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Қазіргі кезде талапты азаматтарға шетелдерде мамандар даярлау үшін 40 мыңдай грант бөлінеді.
Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдаламасы бойынша шетелде білім алып жатқан азаматтарымыз өте көп. Олар бакалавр магистр, Phd доктор дәрежесінде білімдерін жетілдіруде. Бір айта кететіні, БАҚ қызметкерлеріне де «Болашақ» стипендиясы шеңберінде шетелде білім алуға мүмкіндік берілген. Жыл сайын бағдарлама шеңберінде білім алуға болатын басым мамандықтар тізбесі толықтырылып отырады.

Жансая САБЫР,
студент.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support