- Advertisement -

Адам денсаулығына

59

- Advertisement -

қауіп қайдан?

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2019 жылы жер бетіндегі адамдар денсаулығына ең көп қауіп қайдан келетіні жайлы хабарлады, – деп жазады массагет.кз.
Ең бірінші орында ауаның ластануы тұр. Атмосфераның бұзылуы адам денсаулығына аса қауіпті. Одан пайда болатын дерт түрлері де ұшан-теңіз. Осының салдарынан жылына 7 миллионға жуық адам көз жұмады екен.
Рейтингте екінші орынға сусамыр, жүрек-қантамырлары дерті мен қауіпті ісік аурулары орналасқан. Бұл дерттердің пайда болуына темекі тарту, қимыл-қозғалыстың аз болуы, ішімдік ішу, дұрыс тамақтанбау және ауаның ластануы басты себеп. Жылына 41 миллион адам аталған аурулардың салдарынан ажал құшады екен.
2019 жылы адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін деген дерттердің қатарына пандемия тұмауын қосқан. Одан кейін адамдардың ауыр тұрмыстық жағдайы да қауіптер қатарында. Себебі жыл сайын жер бетінде ашаршылық, құрғақшылық, әскери қақтығыстар мен көші-қоннан миллиондаған адам денсаулығына зиян келіп, көз жұмады.
Адамдар түрлі микроб түрлерінен пайда болатын дерттерден де сақ болу керек. Эбола, Зика секілді қауіпті вирустар да адамзат өмірінің қас жауы. Сондай-ақ Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы биыл ЖИТС-тен сақтануға кеңес береді.
Денсаулыққа әр сәт мән беру керек. Жылына кем дегенде бір рет толық дәрігерлік тексеруден өтудің пайдасы зор. Себебі көп адамдар вакцинацияны уақтылы салдыр­маған­дықтан, дертіне селқос қарағандықтан да денсаулығын нашарлатып алады екен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support