- Advertisement -

«Aq jol» — менің 40 жылғы серігім

55

- Advertisement -

Мен облыстың
бас басылымына
40 жылдан бері жазылып келемін. Мемлекеттік тілде шығатын республикалық, облыстық және қалалық газеттердің бәріне жыл сайын жазыламын.

Солардың ішінен ең бірінші қолыма «Aq jol»-ды аламын. Облыстың ғана емес, әлем және еліміздегі болып жатқан жаңалықтармен танысамын. Ақорда жаңалықтарын да «Aq jol»-дан оқимын. Жыл сайынғы Елбасы Жолдауын бас басылымнан оқып, одан туындайтын міндеттердің орындалуында атқарылып жатқан әр саладағы тірлікті де газет жүйелі түрде беріп келеді. Облыс әкімінің өңірдің экономикасын арттыруда, халықтың әл-ауқатын көтеруде, облыс орталығын көркейтуде атқарып жатқан тынымсыз еңбегін де басылым жүйелі түрде жариялап келеді. Мемлекеттік бағдарламаларды орындауда жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыспен де танысамыз.
Газетте қалада болсын, ауыл-аймақта болсын шешімін күткен мәселелер тілшілердің назарынан тыс қалмайтынына да ризамын. Жер-жердегі авторларға, оқырмандарға да басылым бетінде жиі орын беріледі. Бұл – газеттің алтын діңгегі оқырман екенін айқындап тұр. Газет сынынан кейін жауапты тұлғалардың көтерілген мәселе бойынша берген жауаптары да жарияланып жатады. Беттердің безендірілуінде де мін жоқ.
Басылымдағы түрлі тақырыптарда беріліп тұратын арнайы беттер де ерекшеліктерімен көз тартады. Оның бәріне жеке-жеке тоқталып жатқанша әркімнің оқығаны жөн дер едім. Сондықтан да 100 жылға жуық тарихы бар облыстың бас басылымы – «Aq jol» газетіне былтырғы күзгі баспасөзге жазылу науқанында түрлі себептермен жазыла алмай қалған оқырмандар болса әлі де жазылуға мүмкіндік бар екен. «Aq jol» менің 40 жылғы серігім болғандықтан әр отбасына бір «Aq jol» ауадай қажет дегім келеді.
Жақсылық МАМЫРБЕКҰЛЫ,
газеттің байырғы оқырманы, зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support