- Advertisement -

Жас ғалымның тағы бір жетістігі

37

- Advertisement -

Былтыр ғана ауыл шаруашылығы саласында ашқан инновациялық жаңалығымен жамбылдықтарды елең еткізген жас ғалым Дәулет Егембердиев жуырда тағы үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін өңірлік байқауда топ жарған ол «Нұр Отан» партиясының жастар арасында өткізген «Nurintech» республикалық инновациялық жобалар конкурсында жүлдегер атанып отыр.
«Жас ғалым» номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болған ол 250 мың теңгенің сертификатына ие болды. Дәулеттің «Жамбыл облысының тозған және сортаңданған жерлерінде фосфогипс және көң негізінде биомелиорант өнімнің жаңа түрін енгізу» атты инновациялық жаңалығы осылайша оның тағы да бір табысқа жеткізді.
Жас ғалымның биотыңайтқыш алудың тың әдісін енгізіп, оны зерттей бастағанына екі жылдай болыпты. Кәдімгі жантақ, фосфогипс және көң қосылған тыңайтқыштың қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Оны дайындауға шығын да аз кетеді. Есесіне топырақтың құнарлылығын 5 пайызға дейін арттырады екен. Дәулеттің жобасы тәжірибе жүзінде сыналып, биотыңайтқыш Талас ауданының Ақкөл елді мекеніндегі егістік алқабында қолданылғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Бірінші жылдың өзінде инновациялық әдіспен алынған тыңайтқыш өнімділікті арттырған.

 

Ардақ Үсейінова

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support