- Advertisement -

Жаңа құрам – жаңа леп

114

- Advertisement -

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс, отыз бірінші сессиясы «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілген ішкі істер органдарының ардагері Берік Құтбаевты құттықтаудан басталды. Өз кезегінде Берік Медербекұлы: «Бұл – маған жүктелген жауапкершілік. Әлі де елге қызмет етіп, артылған сенім үдесінен шығамын деп ойлаймын», дей келе, депутаттарға риясыз ризашылығын жеткізді.
Марапаттау рәсімінен кейін облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамы сайланып, облыстық қоғамдық кеңес құрамы бекітілді. Кейбір комиссиялардың, штабтар мен кеңестердің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы Біржан Күзембековтің айтуынша, «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес облыстық мәслихат депутаттары сайлау комиссияларының құрамын 2014 жылы жасақтап, оларды 5 жыл мерзімге сайлаған екен. Биыл аталмыш комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімі аяқталуда. Ал Орталық Сайлау комиссиясының былтырғы 29 қарашадағы қаулысына және жоғарыда аталған заңға сәйкес оның жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталуы тиіс. Олардың өкілеттік мерзімінің бітуіне үш күн қалғанда аяқталатындығын ескере отырып, сайлау комиссияларының құрамдарына ұсыныстар енгізуінің бірыңғай мерзімін өткен жылдың 30 қарашасынан бастап 20 желтоқсанына дейін белгілеуі ұсынылған болатын.
«Осы талаптарға сәйкес, облыстық мәслихат хатшысының өкімімен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жаңа құрамды құру жөніндегі жұмыстың басталғаны және оған сайланатын кандидатуралар жөнінде ұсыныстар беру мерзімі мен тәртібі жергілікті БАҚ-та толық жарияланды. Нәтижесінде облыста қызмет атқарып жатқан 6 саяси партиядан және өзге қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар түсті. Құрылған жұмыс тобы ұсынылған кандидатуралардың «Сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында тиісті мекемелерге сұранымдар жолдап, үміткерлер жеке-жеке тексерістен өткізілді. Осылайша жұмыс тобы заңнама нормаларына сәйкес деген тұжырымға келді. Сөйтіп облыстық мәслихат депутаттары тізім бойынша аумақтық сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған 7 кандидатты сайлау жөнінде шешім қабылдады», деді Берік Күзембаев.
Облыстық қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының хатшысы Мағрифа Тұрлықұлова хабарлама жасап, кеңес құрамы бекітілді.
– 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға және Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес қоғамдық кеңестер құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы енуі тиіс. Сондай-ақ аталған заңда бұл топты – жергілікті өкілді органның басшысы басқарады деп көрсетілген. Осыған орай өткен жылдың желтоқсанында облыстық «Aq jol» және «Знамя труда» газеттерінде «Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы хабарлама» жарияланып, 7 мүшеден тұратын құрам бекітілді.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысында оның сандық құрамы 19 мүшеден тұратындығы айқындалса, екінші отырыста ұсыныс берген әрбір кандидатты шақырып, жеке-жеке ашық дауыс берілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен 19 азамат іріктеліп алынды, – деді Мағрифа Мырзакерімқызы.
Жиында бірқатар штаб, кеңестер мен комиссиялар құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, өзге де мәселелер қаралды.

Альмира Омарова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support