- Advertisement -

МЕНІҢ ОТАНЫМ

85

- Advertisement -

Біле-білген кісіге, өз Отаны, өз тілі болғанға не жетсін, адамға одан өткен бақыт бар ма? Өз басым, қазақ болып, Қазақстанда өмір сүріп жатқаныма мақтанамын.
Қазақтан шыққан бір тума Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Дінмұхамед Қонаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұқағали Мақатаев, Шәмші Қалдаяқов тағы басқа көптеген ұлы тұлғалар туған елде өмір сүріп жатқаныма дән ризамын.
«Мың өліп, мың тірілген» демекші, бұл жалғанда қазақтың даласы бастан не көріп, не өткізбеген. Қаншама қайғы-қасіретке төтеп берген, соған қарамай өсіп-өніп жатқанымызға қуанамын. Қазақтың даласына Құдай нұрын төгіп, берекесін аямай бере салған.
Химия әлемінің королі Менделеев кестесінің элементтері жеріміздің қойнауынан түгел табылады. Қазақ халқы өзінің қайсарлығымен, өнерімен, салтымен, білімімен еліміз тәуелсіздік алып, Елбасымыздың арқасында бүкіл дүниежүзіне танымал болдық.
Онымен қоймай дүниежүзінің халықтары, біздің елімізбен санаса бастады, солармен тереземіз теңеліп, қатар тұра бастадық.
Халқымыздың басына түскен аз ғана экономикалық қиыншылықтардан біртіндеп құтылып келеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ата-баба қалдырған мұра, тау-тасымыз, жер-суымыз, тіліміз, ұлт-салтымыз келешекке жалғаса берсін. Қазақ ұлты өсіп-өркендей берсін, Қазақстан жасай берсін!Жақсылық ДОСАЕВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support