- Advertisement -

Ауқат ты ауылында полиция пункті ашылды

86

- Advertisement -

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды басты міндет санаған облыстық полиция департаменті Қордай ауданындағы шекара маңында орналасқан Ауқатты ауылында кенттік полиция бөлімшесін ашты.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен, облыстық полиция департаментінің бастамасымен ашылған бөлімшеде барлығы 20 маман тәулік бойы қызмет атқаратын болады.
Жаңадан құрылған құрылымның қызмет көрсететін аумағына алты ауылдық округ кіреді. Олар – Қарасу, Ауқатты, Сортөбе, Масаншы, Қаракемер және Қарасай. Аталған округтерде барлығы 64,5 мыңнан астам адам тұрады. Құқық қорғау қызметін сапалы жүргізу үшін мұнда барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бір айта кетерлігі, облыс әкімдігінің жан-жақты қолдауының арқасында ауданы 300 шаршы метрден астам ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи техникамен және жиһазбен жабдықталған. Ал облыстық полиция департаменті автокөліктермен қамтамасыз етті.
Салтанатты шарада облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Серік Жүнісбеков қатысушыларды бөлімшенің ашылуымен құттықтап, алдағы уақытта жақын маңдағы ауылдық округтердегі криминогендік жағдай айтарлықтай жақсаратынына сенім білдірді. Ал Қордай ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Валерий Сергеев облыс әкімдігі мен полиция департаментіне полиция пунктін қайта жандандырғаны үшін алғысын білдірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support