- Advertisement -

Радикалды діни ағымды ажыратудың негізгі әдістері

67

- Advertisement -

Жүрегімдегі сенім қате деп біреудің айтуыекіталай. Одан да өзгені адасқан деуәлдеқайдаоңай. Ал, дұрыс пен бұрысты ажыратуға көбінебілім жете бермейді. Есесіне, «ақылшыұстазсымақтар» бар. Міне, солардың сөзінқұптаушылар баршылық. Ақиқатты, тек сол«ұстаздар» ғана айтады деген фанатизм басым. Исламның теңіздей ғылымын сол тобырдың сөзінесыйдыра салу және солардың пікірімен ғанаөлшеунеткен дәрменсіздік.

Әңгіме «Бізсалафпыз» деп жүргендер жайлы болмақ. Кеше оларды «уахаби» десе, тарихтағы алғашқы атаулары – «хауариж». Олар әр заманда қоғамға бейімделу үшін атауларынөзгертіп отырған. Алайда, ұстанған бағыты мен тәсілі бір. Солқалпында сақталған. Сондықтан да, оларды ажыратып алуғаболады.

Әбу Сағид Худри (р.а.): «Біз Алла елшісі (с.ғ.с.) құзырындаедік. Пайғамбар (с.ғ.с.) адамдарға зат үлестіріп жатқан. Сонда Бәну Тәмим руынан шыққан Зул-Хуайсира атты кісі келіп: Ей, Алла елшісі! Әділ бол,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) оған: «Сорыңқұрысын! Мен әділдік етпесем, кім әділдік жасайды. Егер мен әділдік жасамасам сенің сорың құрып, ақырың жаман болареді,-деді. Сонда Омар: «Уа, Алла елшісі! Рұқсат етіңіз, оныңбасын шауып алайын,-деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Тиіспе, оныңжолдастары бар. Сендер олардың намаздарының жанында өзнамаздарыңды, оразаларының алдында өз оразаларыңды түккетұрғысыз деп білесіңдер. Олар Құран оқиды, бірақ оқығандарыкөмейінен ары аспайды. Олар діннен аңды тесіп өткен жебедейалыстай түседі. Жебенің ұшына қарасаң, еш нәрсе (қан) таппайсың…»,-деді.

Әбу Сағид: Мен бұл хадисті Алла елшісінен (с.ғ.с.) естігендігімен куәлік етемін. Әлидің олармен соғысқанын, Әлидің жанында болғанымды куәлік етемін. Ол адамды алыпкелуге бұйрық берді. Тұтқындалған адамға қарағанымдаПайғамбар (с.ғ.с.) суреттеген кісіні көрдім (Бұхари)»,-дейді.

Бұл оқиға Пайғамбар (с.ғ.с.) Хунайн шайқасынан кейін төрткісіге алтын үлестіріп бергенде болған еді. Алтынды Әли бин Әбу Толиб (р.а.) Йеменнен жіберген болатын. Ал, Зул-ХуайсираТәмими жайлы Ибн Хажар: «Бұл кісі жайлы хадистерде анықдерек айтылмаған. Абдурахман бин Әбу Ниъмал-Мушар оны: «Екі ұрты шығыңқы, көздері үңірейген, маңдайы шығыңқы, сақалы қалың, шашын қырып тастаған, балағы түрілген»,-депсуреттеген.

Әбу Бәкра (р.а.) риуаятында: «Ұзын бойлы, қара кісі. Балағытүрілген, шашы қырылған және екі көзінің ортасында сәжденіңізі бар (Ахмет, Табари)»,-деп келтірілген. Абдулла бин Амр(р.а.) риуаятында: «Дала арабтарының бірі, дінге жақында ғанакірген (Баззар, Табари)»,-деп айтылған.

Риуаятта: «Ей, Мұхаммед! Уаллаһи, Алла саған әділ болудыәмір еткен болса, мен сенің әділдік еткеніңді көрмедім (Баззар, Хаким)»,-делінген.

«Оқыған Құраны көмейінен аспайды». Міне, бұл хадис жастардың аталмыш ағымға құштарлығының себебін ашықайтып отыр. Бір қарағанда, намазын керемет оқып, оразасынаберік адамнан кім күдіктенуі мүмкін? Бірақ, Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) олардың Құран оқитындығын, намазы мен оразасынкөрген адам ерекше таң қалатындығын айтып ескертті. Ал, оқыған Құраны тек тілінде қалып, діліне дейін жетпейтіні тағыбар. Алланың сөзі оқудан тіл дамыл таппаса, бірақ, Құранәмірлерін орындамайтын болсамұндай жан ең бақытсыз. Құранның өзі ондай бейбақты лағынет етеді.

«Олар діннен аңды тесіп өткен жебедей алыстайтүседі». Исламнан атылған жебе сияқты алыстай түседі. Сонымен бірге, садақты білегі мықты кісі тартса жебе киіктіңденесін тесіп өткенде, жебеге қан жұқпай қалады екен.  Міне, сол сияқты бұл жат ағымдағылар өз намазы мен оразасынаниманын пайдалана алмайды. Олар мұсылманшылыққа ешбірқатысы жоқ бейнедегі бейшаралар боп қалмақ.

Түйін

1.Бұл – хауариждер. Аталмыш ағым әр заманда әртүрлі атаудыбүркеніп келген. Қоғамға адаптацияланады, яғни бейімделеді. Алайда, олардың ортақ сипаттарынан тануға және ажыратуғаболады.

2.Хауариждердің діннен жебедей алыстай түсетіндігінПайғамбар (с.ғ.с.) айтып, сахабалар растаған.

3. Әли бин Әбу Толибтің (р.а.) Жамал және Сыффиншайқастарында осы ағыммен күрескен.

4.Дінде асыра сілтеушілікке жол жоқ. Шариғат рұқсат бермегендәрежеде адам өзіне міндеттеме алуына қатаң тиым бар.

5.Басшыға қарсы шыққан топтың әрекетін күшпен тоқтатуғарұқсат етіледі. Мұндай қате сенімдегі топтан қоғамдынасихатпен және күшпен де қорғауға шариғат рұқсат береді.

6.Хадисте мұсылман Исламнан басқа дінді таңдаймын депемесбайқаусызда дінінен шығып кетуі ықтимал екендігінайтып сақтандыруда;

7.Хадистен Омар (р.а.) дінді қызғыштай қорғау,а құштар сахабаекені байқалады.

8.Аят және хадистердің тек сыртқы мағынасына қарап түсінуқателікке алып барады. Құран және Пайғамбар (с.ғ.с.) сөзінсахабалар, табиғиндер және мазхаб ғалымдарының түсіндірмесібойынша ұғыну қажет.

9.Құран тиләуат ету, намаз оқу және ораза тұту сияқтыамалдардың тек сырт көрінісіне ғана мән беру жеткіліксіз. Құлшылыққа шынайы ықылас керектігін байқаймыз.

Құран Кәрім жер бетіндегі адамзат пен жын тайпасынаАлланың жіберген пәрмені. Құранберік арқан. Оғанжармасқан пенде жамандықтан құтылып, бақытқа жетеді. Құранды мойындамай одан алшақтаған адамжақсылықатаулыдан іргесін алыс салған бейбақ.

Құранда адамның пенде ретінде құлшылығы мен азаматретіндегі өмірлік игілігінің жолы көрсетілген. Сондықтан, Құранды тек тиләуат етумен шектелуге болмайды. Естіген жәнеоқыған аяттардың сырларына терең бойлап, оған амал етупендеге парыз. Ал, Алланың сөзін оқып, оған амал етпейтінжанең қор адам.

Құрметті, оқырман бауырым! Жат ағымнан өзіңізді жәнеөзіңізге жақын адамдарды сақтаңыз. Ата-бабамыздың ұстанғаналтындай саф, сара жолына берік болайық!

Руслан ҚАМБАР,

дінтанушы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support