- Advertisement -

Шолпан жұлдызға жол тартқан қаламгер

243

- Advertisement -

 

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің баспасынан көрнекті қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртазаның қазасына орай республикалық және облыстық газеттерде жарияланған жеделхаттар, естеліктер және жыр-жоқтаулар жинақталған «Шолпан жұлдызға жол тартты…» атты кітап жарық көрді.

Аталған кітапты құрастыруға ТИГУ-дің ректоры, Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, филология ғылымдарының докторы Ерболат Саурықов, облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Төлепберген және жазушы, облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы атсалысты.
Кесек тұлға, кенен дарын иесі Шерағаңның өмірден озуы ұлт руханияты үшін орны толмас қаза болды. Жазушының көркем шығарма жазудағы талантынан бөлек, қоғам қайраткері, ұлт жанашыры, әдебиеттің қамқоры ретінде еліміздің дамуына сіңірген еңбегі өлшеусіз екені белгілі.
Бұл кітапта қазақ халқының ардақты ұлы Шерхан Мұртаза өмірден өткеннен кейін марқұмның отбасының атына келіп түскен, мерзімдік басылымдарда жарияланған көңіл айту жеделхаттары мен замандастарының, Шерағаның шекпенінен шыққан ізбасарларының естеліктері, тебіреніске толы толғаныстары топтастырылған.
Кітап тарихи жады мен ұлттық зердені ілгерілетуде болашақ ұрпақтың маңызды дүниесіне айналатыны күмәнсіз. Жанашыр халқы, жерлестері, қалың оқырманы барда алып тұлғаның есімі ел есінде жаңғыра бермек.

(Жазушы Шерхан Мұртазаның қырқына орай ұйымдастырылған топтаманы Сілтемеден оқисыздар).

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support