- Advertisement -

«Астана» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде қай командамен ойнауы мүмкін

80

- Advertisement -

«Астана» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде қай командамен ойнауы мүмкінАСТАНА. ҚазАқпарат — Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-тур ойындары қорытындыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Топтық кезеңнің аяқталуына әлі екі тур бар, дегенмен кей командалар плей-оффқа шығу мәселесін шешіп үлгерді.

Өз топтарынан шығып үлгерген командалар мыналар: «Челси» (Англия), «Айнтрахт» (Германия), «Лацио» (Италия), «Байер» (Германия), «Цюрих» (Швейцария), «Арсенал» (Англия), «Динамо» (Хорватия).

Егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдама алса, осы командалардың бірімен күш сынасуы мүмкін. Елордалықтар орналасқан К тобындағы қазіргі кесте бойынша, «Динамо» (Украина) мен «Астана» (Қазақстан) — 8 ұпайдан, «Ренн» (Франция) — 3, «Яблонец» (Чехия) — 2 ұпай жинаған.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Астана» осы турнирдің плей-офф кезеңінде ойнаған. 1/16 финалда елордалық ұжым Португалияның «Спортинг» командасынан жалпы 4:6 (1:3 — өз алаңында, 3:3 — сырт алаңда) есебімен ұтылып қалған болатын.

kazinform.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support