- Advertisement -

Жұрт күткен жексенбі Головкин мен Альварес ережеге сәйкес салмақ өлшеу рәсімін өткізді

137

- Advertisement -

Орта салмақ дәрежесінде WBA (super), WBC, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек уақыты жақындап келеді. Осы жексенбінің ала таңында екі боксшы шаршы алаңға көтеріліп, кім мықтыны анықтайды.
Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) ережесіне сәйкес Геннадий Головкин мен Сауль Альварес апта бұрынғы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Кеңес шешіміне сай екі боксшының салмағы бұл кезде 76,2 килограмнан аспауға тиіс.
Бірінші болып Геннадий Головкин салмақ өлшеп, өзінің спорттық формасының қай деңгейде екенін жариялады. Генаның салмағы 74,3 килограмды көрсетсе, Сауль Альварестің салмағы 74,2 килограмды құрады. Енді екі боксшы сенбі күні соңғы рет салмақтарын өлшейтін болады. Жекпе-жек алдында қос мықтының салмағы 72,6 килограмнан аспауы керек.
Жылдың басты шайқасында шаршы алаңға көтерілетін Головкин мен Альварес жекпе-жекте қолданатын қолғаптарын да таңдап үлгерді. Қазақстандық боксшы әдеттегідей «GRANT» маркалы қолғапты таңдаса, Альварес «Winning» фирмасы әзірлеген қолғапты киіп шықпақ.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support