- Advertisement -

Дерек пен дәйек

112

- Advertisement -

Өңіріміздегі заңды
тұлғалар қанша?

Облыстық статистика басқармасының мәліметінде атап көрсетілгендей, бүгінде өңірімізде 2018 жылдың 1 тамызына 12171 заңды тұлға және олардың 1842 бөлімі мен өкілдігі тіркелген. Олардың 1658-і (13,6 пайызы) мемлекеттік, 10045-і (82,5 пайызы) жеке меншік және 468-і (3,9 пайызы) шетелдік нысандар, 11804-і (97 пайызы) шағын, 294-і (2,4 пайызы) орта, 73-і (0,6 пайызы) ірі кәсіпорындар екені нақтыланып отыр.
Ең жоғары деңгейде жұмыс атқарып жатқан нысан ретінде тіркелген кәсіпорындар Жуалы ауданында – 82, Сарысу ауданында – 81,3, Меркі ауданында – 79,7 пайызды құрайды. Қала, аудандарда белсенділік нышаны бойынша тіркелген 12 171 заңды тұлғаның 8 268-і нақты жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 4 543-і белсенділігімен танылуда. Ал 1 424-і жаңадан іске қосылуы себебінен, 2 301-і уақытша жұмыс істемейді. Жалпы тіркелген заңды тұлғалардың жұмыс істейтіндерінің пайыздық көрсеткіші облыс бойынша 67,9 пайызды құрайды.

шағын және орта
кәсіпкерлік нысандар ше?

2018 жылғы 1 тамызға дейінгі жағдай бойынша жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны облыс бойынша 62460 (оның ішінде Тараз қаласында 22 489) бірлікке жетіп отыр. Аталған нысандардың жалпы санындағы үлесі бойынша жеке кәсіпкерлік – 63,7, шағын кәсіпкерлік – 9,2, орта кәсіпкерлік – 0,1, шаруа (фермер) қожалықтары – 27,1 пайызды құрайды.

Облыстық ішкі сауданың
негізгі көрсеткіштері

Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында сауда кәсіпорындарының, жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарлардағы сатушылардың сауда айналымы 251545,4 миллион теңгені құрады.
Бөлшек сауда көлемі (жеке кәсіпкерлердің айналымын қоса есептегенде) тауарлар айналымы бойынша 147070,6 миллион теңгені құрап, 2017 жылдың осы сәйкес кезеңіне қарағанда салыстырмалы бағамен 4 пайызға көбейді.
Нақтылы кезеңдегі сауда кәсіпорындарының тауар айналымының көлемі 63019,2 миллион теңге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 105 пайызды құрады. Жалпы бөлшек тауар айналымында шағын кәсіпорындардың үлес салмағы 41,7 (26264,7), орта кәсіпорындардыкі – 31,7 (19986,4), ірі кәсіпорындардыкі 26,6 пайыз (16768 миллион теңге) көлемінде болды.
Жыл басынан бастап жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде базарлардағы сатушылар саудасының көлемі 84051,4 миллион теңгені (жалпы бөлшек тауар айналымында 57,2 пайыз) құрады, былтырғы қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда 3,2 пайызға көбейді.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар (60,2% жалпы бөлшек тауар айналымында) басым. Азық-түлік емес тауарлардың өткерілу көлемі былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9, азық-түлік тауарлары 2,9 пайызға артты.
Бөлшек сауданың жалпы көлемінде жоғары үлестік салмақ Тараз қаласына (77,9), Қордай ауданына (7,6), Шу ауданына (4,2) және Байзақ ауданына (2,2 пайыз) тиіп отыр.
Көтерме сауданың көлемі 104474,8 миллион теңгені немесе жалпы сауда көлемінде 41,5 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға ұлғайтылды.

Көлік және байланыс
қызметтері

2018 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында облыс бойынша автокөлікпен (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мен кәсіпкерлердің (жеке тұлғалардың) тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда) 53733,4 мың тонна жүк тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлемі 8,7 пайызға көбейді.
Есепті кезеңде автокөліктердің жүк айналымы (коммерциялық тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлердің тасымалдау көлемін бағалауды есепке алғанда) 1581,1 миллион тонна шақырымды құрады.
Облыста автокөліктермен (сараптық бағалауды есепке алғанда) 547,2 миллион жолаушы тасымалданып, 2017 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 2 пайызға өсті.
Жолаушы айналымы сараптық бағалауды есепке алғанда 4671,9 миллион жолаушы-шақырымды құрап, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 6,1 пайызға өсті.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде пошталық және курьерлік қызметтерден түскен табыстар 401,5 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,8 пайызға көбейді.
Байланыс қызметтерінен түскен табыс көлемі 3576,7 миллион теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға өсті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support