- Advertisement -

Заңсыз такси тұрақтары тексерілуде

954

- Advertisement -

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Aq jol» газетінің 2018 жылғы 31 шілде күнгі №87 санында жарияланған «Такси қызметіндегі мәселе де таудай немесе жолаушыларды заңсыз тасымалдау қашан тыйылады?» атты мақала бойынша төмендегіні хабарлайды:
Облыс орталығынан аудандарға және Тараз қаласындағы орталық автовокзал аумағында жолаушыларды заңсыз такси және автобус тасымалымен айналысушылардың қызметіне бақылау жүргізу бойынша арнайы комиссия құрылып, жұмыстар жүргізілуде.
1. Автобекет аумағында такси тұрағы ретінде пайдаланып отырған жер телімі (кадастрлық нөмірі – 06-097-019-655, иесі – Зайдула Калиевич Хусаинов, нысаналы мақсаты – дүкен, құрылыс материалдары көтерме базарын және сырахана салу үшін берілген) қалалық жер қатынастары бөлімінің тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатысты қателерді жою мақсатында инспекторлық тексеру үшін облыс әкімдігі жерді пайдалану және қорғау басқармасына жер телімінің иесіне тиісті шаралар қолдану үшін хат жолданады.
2. Автобекет аумағына такси тұрағын орналастыру бойынша ұсыныс: «Автобекет-Тараз» ЖШС (кадастрлық нөмірі – 06-097-019-454) жер телімі қысқа мерзімді такси тұрағын ұйымдастырып, автобекетке қызмет көрсету үшін берілген. Осы жер телімін такси тұрағы ретінде пайдалану мүмкіндігін қарастыру жөнінде облыс орталығынан аудандарға және Тараз қаласындағы орталық автовокзал аумағында жолаушыларды заңсыз такси және автобус тасымалымен айналысушылардың қызметіне бақылау жүргізу бойынша арнайы комиссияға ұсыныс берілді.
3. «Жансая» аумағында жолаушыларға қызмет көрсету пунктін орналастыру үшін «Айнұр Жеті Нұр» ЖШС жер телімін пайдалану мерзімін ұзарту бойынша қаулының жобасы Тараз қаласы әкімдігінің отырысында қарау үшін ұсынылатын болады.
4. Ы.Сүлейменов көшесі, №98/2 мекен-жайдағы жер телімі (бұрынғы облыстық МАИ ғимаратының маңы) «ЭКСПРЕСС-СЕРВИС» ЖШС-на үй жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін жекеменшікке берілген. Жолаушыларға қызмет көрсету пунктін орналастыру үшін «ЭКСПРЕСС-СЕРВИС» ЖШС-на қайта жабдықтау үшін сәулеттік-жобалау тапсырмасын алу қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
С. Байназаров,
Тараз қаласы әкімінің орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support