- Advertisement -

Токио-2020 Олимпиадасында алғаш рет адамның бет-жүзін тану жүйесі қолданылады

449

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Токио-2020 ұйымдастыру комитеті Олимпиада және Паралимпиада ойындарында спортшылар мен лауазымды тұлғалардың, БАҚ өкілдері мен өзге де қызметкерлердің бет-жүзін тану жүйесін қолданады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, мұндай технологиялар Олимпиада және Паралимпиада ойындарында бірінші рет қолданылмақ. Бұл Токионың тарихта инновациялық ойындарды өткізген алғашқы ел болуға тырысқанын байқатады.

Токио-2020 басты серіктесі саналатын NEC корпорациясы бет-әлпетті тану жүйесін ұсынады. Аккредитациядан өткен әрбір адамның фотолары алдын ала жиналып, базада сақталады. Олар аккредитация нүктелерінде жеке тұлғаны тану үшін қажет болмақ.

Мұндай жүйе Ойындардың қауіпсіздігін одан әрі арттыра түспек. Өзгенің аккредитациясын қолданып, спорт нысандарына кіруге мүлде болмайды. Тексеру автоматты түрде жүргізіледі.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты мақсат — белгісіз адамдар мен белгісіз заттарды оқиға орнына жібермеу. Мұндай технология аккредитациядан өткен адамдарды нақтырақ идентификациялауға көмектесеі. Сондай-ақ, әртүрлі локацияларға мүмкіндік береді. Бұл қатысушылардың қауіпсіздігіне көмектеседі деп ойлаймын», — дейді Қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор Цуёси Ивасита.

ақпараткөзі; kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support