- Advertisement -

Шабылған шөптің 90 пайызы тайланып жиналуда

234

- Advertisement -

Ауданда мал шаруа-шылығын өркендетуде елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Төрт түліктің тұқымын асылдандыру, өз төлі есебінен көбейту және сөлді мал азығын мол дайындауға ерекше көңіл бөлінуде. 2018-2019 жылдардағы мал қыстату науқанына 34211 бас мүйізді ірі қара, 456875 бас қой, 15580 бас жылқы түседі деп күтілуде. Оларға қажетті жемшөп қорын дайындауға шаруалар мамыр айының соңында кіріскен болатын. Биыл 38500 гектар табиғи шабындықтардан және 6400 гектар көк жоңышқа алқаптарынан 179500 тонна шөп, 6000 тонна пішендеме, 6000 тонна сүрлем, 12500 тонна сабан және 60000 тонна жем дайындау жоспарланған. Қазірге дейін ауданда 160 000 тоннаға жуық сабақты мал азығы әзірленді.
Мал өсірушілер кейінгі кезде оны тайлап жинауға күш салуда. Биыл да шабылған шөптің 90 пайызы тайланды. Пішендеме – мол сүт өндіру кепілі. Сауынды сиыры бар агроқұрылымдар оны көп дайындауға басымдық беруде. Осы мерзімде 4500 тоннадан астам сөлді мал азығы әзірленді. Сабан жинау жоспары да межеге жақындап қалды. Қазір жоңышқаның екінші орымы аяқталып келеді. Бұл жұмыспен жүзден астам техника айналысуда. Жақында шаруалар жүгері жинауға кіріседі. Оған қажетті техника толық әзірлік сапына қойылған. Жемнің де қажетті қоры жасалды.

Ерғазы ЕСПЕНОВ,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support