- Advertisement -

Галбадрах – қола жүлдегер

384

- Advertisement -

Хорватия астанасы Загреб қаласында жалауы желбіреген гран-при додасында қазақстандық дзюдошылар сапынан Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Отгонцецег Галбадрахқа қола медаль бұйырды. 48 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол алдымен италиялық Франческу Джиордуды, ағылшын Келли Стеддонды жеңген болатын.
Қазақ жанкүйерлері алтын жүлде күткен Отгонцецег Галбадрах үшінші белдесуінде 17 жасар украиналық дзюдошы Дарья Белодедке есе жіберіп алды. Украиналық дзюдошы ағымдағы жылы талай мықтыны жеңгенін ескерсек, Галбадрахты жеңуі кездейсоқтық емес екенін түсінеміз. Бұдан кейінгі жұбаныш белдесулерде Галбадрах қарсылас шақ келтірмей, қола жүлдені қоржынымызға салды. Ол алдымен Израиль елінің намысын қорғаған Нао Минскерді жарқын мәнерде жеңіп, жанкүйерлерін қуантса, кейіннен тағы бір итальяндық спортшы Франческа Миланиден айласын асырды. Өкінішке қарай, өзге дзюдошыларымызға жүлде бұйырар емес.
60 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен Рустам Ыбыраевқа сәл ғана сәттілік жетіспеді. Жанкүйерлер Рустамнан жүлде күткені жасырын емес. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері деген атағы бар Рустам үшінші белдесуінде Италия дзюдошысы Андреа Карлинодан таза ұтылып қалды. Кәмшат Қарасайқызы (52 килограмм), Севара Нышанбаева (57 килограмм), Жақсыбек Жеңісбек (60 килограмм), Ерлан Серікжанов (66 килограмм) және тағы бір 66 килограмм салмақ дәрежесіндегі Гумар Қырғызбаев сынды спортшыларымыз жарысты алғашқы кезеңде аяқтаған-ды.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support