- Advertisement -

Алты айда негізгі капиталға салынған

142

- Advertisement -

инвестициялар көлемі қанша?

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі қорға салынған инвестициялардың көлемі бағалау есебімен 110 664,8 миллион теңгені немесе 2017 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,4 пайызды құрады. Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың үлес салмағы жалпы республикалық көлемнің 2,4 пайызын қамтыды.
Инвестициялардың технологиялық құрылымында жалпы инвестицияларда үлес салмағы құрылыс және ғимараттардың күрделі жөндеу жұмыстарында 67,5 пайызды, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандарды сатып алуда 29,1 пайызды, басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар 3,4 пайыз болып қалыптасты.
Негізгі қапиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі 77001,5 миллион теңге (69,6 пайыз) шаруашылық субъектілерінің жеке қаржылары және 26229,2 миллион теңге (23,7 пайыз) бюджеттік қаражаттары есебінен болып табылады.
Пайдалану бағыттары бойынша негізгі қорға салынған инвестициялардың 41,6 пайызы өнеркәсіп саласына жұмсалды. Тұрғын жай құрылысына 17928,5 миллион теңге инвестициялар жұмсалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,2 пайызға артқан. Жалпы игерілген инвестициялардың 16,2 пайызы тұрғын жай құрылысының үлесіне тиді.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті,
облыстық Статистика департаменті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support