- Advertisement -

Денистің суретіне гүл дестелерін қойды

168

- Advertisement -

2014 жылғы Сочи Олимпиадасында мерейімізді тасытып, абыройымызды асқақтатқан чемпион, қазақстандық белгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасы әулиеаталықтарға да ауыр тиді. Қайсар ұлынан қапияда айрылып қамыққан көппен бірге жерлестеріміз де қайғырды. Кеше Тараз тұрғындары мен қонақтары «Жеңіс» саябағына қойылған спортшының суретіне гүл шоқтарын қойып, жасындай жарқ еткен ғұмыр иесінің рухына тағзым етті.
Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтің айтуынша, ел мәртебесін асырған ердің есімі ешқашан өшпек емес. «Оны жұрт қазірден-ақ сағынады, еске алады. Бұл іс-шара осы сөзіме дәлел. Саябақ төріндегі суретке гүл дестелерін қоятын көпшіліктің легі бүгін де, ертең де үзілмейтініне сенемін. Алматы қаласындағы Балуан Шолақ сарайында өтетін Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне жамбылдықтар да қатысып, атсалысатын болады», дейді ол.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support