- Advertisement -

Жаһан қадірлеген жауһарымыздың бірі еді

162

- Advertisement -

Бұл оқиғаны естігелі мазам жоқ. Қандай ғажап адам, ғаламат спортшы ортамыздан кетіп қалды. Жүректің қан жыламауы мүмкін емес. Өзекті өкініштің оты өртеп бара жатыр. Ел спортының алтын жұлдызы еді.
Денис жәй ғана спортшы емес, өте білімді, білікті, ақсүйектерге тән мінезі бар азамат екенін елдің бәрі біледі. Мемлекет мақтанышына айналған жанның әлдебір бұзақы, қарақшылар қолынан қаза тапқаны қиын жағдай. Біз қайда барамыз, қоғам қайда барады? Неге жаһан қадірлеген жауһарларымызды көздің қарашығындай сақтай алмаймыз?
Осы жағдай баршамызға сабақ болуы тиіс. Денистің туған-туыстарына, отандастарыма қайғырып көңіл айтамын. Не дерімді білмеймін. Жағымсыз хабарды естігелі жүректе тыныштық жоқ.

Зүлфия ҒАБИДУЛЛИНА,
жүзу спортынан Рио-де-Жанейро Паралимпиялық ойындарының чемпионы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support