- Advertisement -

«Бәйтерек» бейнесіндегі шар аспанға әуеледі

188

- Advertisement -

Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы өнер және демалыс саябағында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Асқақтай бер, Астана!» акциясы өтті. Жиналғандар алдында облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Рано Убайдуллаева сөз сөйлеп, көпшілікті елорданың 20 жылдығымен құттықтады.
Мұнан соң «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының ұжымы ұлттық нақыштағы әндерімен жүректерді тербеп, көңілдерді баурады. «Барбанг» күрділер қауымдастығы мен «Айнұры» татар-башқұрт этно-мәдени қоғамдық бірлестік өкілдерінің өнері де жиналғандардың көңілінен шықты. «Нұр-шашу» би ансамблінің қыздары мың бұрала биледі. Биші қыздардың өнеріне де көпшіліктің құрметі ерекше болды.
Кейін шараға қатысушы балалар «Бәйтерек» бейнесіндегі шарларға игі тілектерін жазып, аспанға ұшырды, содан соң тәтті дәмнен ауыз тиді.

Е. Жаңабайұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support