- Advertisement -

Даниярдың қарсыласы анықталды

116

- Advertisement -

Әуесқой бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі екінші кездесуін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды. Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген ел мақтанышы Данияр 30 жастағы венгриялық Габор Горбичпен қолғап түйістіреді.
Данияр Елеусінов екінші жекпе-жегінде Ұлыбритания астанасы Лондонда керілген шаршы алаңда сынға түседі. Қазақстандық боксшы кәсіпқой бокс әлеміндегі бірінші кездесуінде америкалық Ноа Киддпен жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңіс тойын тойлаған болатын.
Габор Горбич соңғы шайқасын өзбекстандық Шахрам Гиясовқа қарсы өткізіп, төрешілердің біржақты шешімімен Шахрамнан ұтылып қалған еді. Ал Шахрам Гиясов Рио Олимпиадасының ақтық сынында Данияр Елеусіновке есе жіберген-ді.
Қазақстандық боксшы алтыншы маусымнан жетінші маусымға қараған түні шаршы алаңға көтеріледі. Екінші шайқасында кәсіпқой рингте отыздан астам кездесу өткізген боксшымен жұдырықтасатын Данияр жеңіске жеткен жағдайда мол тәжірибе жинап қана қоймай, өз салмақ дәрежесі бойынша рейтингін де біраз түзеп алатыны анық. Отандасымыз осы жылдың өзінде әлі бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support