Қазақстанда жаңа спорт түрі пайда болды

Қазақстанда жаңа спорт түрі пайда болды — Бампер Бол. Бұл ойынға қатысушылар арнайы сфераларды киіп алып, қарсыласының қақпасына доп соғуға тырысады. Футболдың ерекше түрі көптеген шет мемлекеттерін бағындырып үлгерді. Енді Астана күні қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылмақ.

Ерекше футболдың бірінші матчы 2011 жылдың соңында Норвегияда өткен болатын. Содан бері аттракцион халық арасында кеңінен танымал. Ойын барысында «футболшылардың» аяғы ғана бос болады, сондықтан тепе-теңдікті сақтау қиын. Шармен футбол ойнаудың бар қызығы да сол. Тіпті, жарыс сумо балуандарының күресіне де ұқсайды. Ойынның ұзақтығы — 30 минут. Оған 5 жастан жоғары балалардың да қатысуына болады. Бұл спорт түрінде жарақаттар болмайды.

Мерекелік шара 5, 6, 7 шілдеде «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми порталы.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/