Елбасы: Мәңгілік еліміз барда — қазақтың тарихы да мәңгілік

Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік. Кеше елорда күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ресми ашылу рәсімі барысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Біздің бабаларымыз Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропаның, Сібір мен Үндістанның арасында 4-5 мың жыл бойы айрықша рөл атқарғанын біз тарихтан білеміз. Сақтар мен ғұндар дәуірінен бастау алып, Түркі қағанатымен жалғасқан Қазақ хандығының және бүкіл Тәуелсіз Қазақстанның өткені халқымыздың тұтастығы мен бірлігінің жылнамасы болып саналады. Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік»,-деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы бұл музей халықтың ұлттық рухын көтеру тұрғысында және  елімізді әлемге таныту бағытында белгілі болатынын атап өтті. «Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі адамзат тарихының ажырамас бөлігі», — деді Президент.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/