Отыз күн ораза (6-шы күн)

Оразаға тең келер құлшылық жоқ. Мейірімі шексіз Алла тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен ғана беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдегенде шығатын аузының исі мен үшін мисктен де артық», – дейді.
Алланың Елшісі (с.ғ.с.) сәресіде берекеттің бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететінін айтқан. «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де, оны үзбе. Өйткені Алла Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді» – деп айтқан.
Ауызашар уақытына жеткен адам одан да көп шаттық пен қуанышқа кенеледі. Ал, ұстаған оразасының сыйын алу үшін қиямет күні Алланың алдына барған кезде одан да үлкен қуанышқа кенеледі.
Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Ораза ұстаған адамға екі қуаныш бар: бірі – ауыз ашқан уақытта, екіншісі – Аллаһқа қауышқан уақытта».

Comments are closed.

https://4store.com.ua/