- Advertisement -

Жұдырығы жойқын жампоз

127

- Advertisement -

Данияр Елеусінов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Әуесқой бокстан Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабын жеңіспен бастады. Бірінші шайқасында америкалық Ноа Киддпен қолғап түйістірген қазақ оғланы керемет бокс үлгісін көрсетіп, жарқын мәнерде жеңіс тойын тойлады
Нью-Йорк төрінде жұдырықтасқан Данияр қарсыласынан үшінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті. Алдымен сол қолымен жойқын соққысын дарытқан Елеусінов қарсыласын баудай түсірді. Орнынан жылдам көтерілген Кидд тағы да нокдаунға түсті. Бұл жолы төреші есеп ашпастан жекпе-жекті тоқтатты.
Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Елеусінов бірінші жеңісінен кейін boxrec.com сайтының рейтингінде 894-орынға орналасты. Алты раундтық форматтағы алғашқы шайқасында жасындай жарқыраған қазақстандық боксшы екінші кездесуін 6 маусымда өткізеді. Бұл жолы ол Лондон төрінде керілген шаршы алаңда бақ сынайды. Алдағы жекпе-жектерінде де жеңісті жорығын жалғастыра берсе, Даниярдың рейтингтегі жағдайы жақсара түсетіні сөзсіз. Шеберлігі әбден шыңдалған жампозға біз тек табыс тілейміз!

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support