- Advertisement -

Жамбылда туристік-экспедциялық жасақтардың слеті өтті

377

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен Шу ауданы Жайсаң ғұрыптық кешенінде «Менің Отаным – Қазақстан!» атты туристік-экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өтті.

130 оқушыдан құралған 11 жасақ қатысқан облыстық слеттің ашылу салтанаты М.Х.Дулати атындағы орта мектебінде өткізілді. Шараның мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту, білім алушылардың тарихи-өлкетанулық құзыреттіліктерін қалыптастыру, туристік экспедициялық жасақтардың қызметін жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

Туристік экспедиция жасақтарының слеті  аясында қатысушылар арасында байқау да ұйымдастырылды. Онда топтар «Команданы таныстыру», «Туған өлке соқпақтары», «Экологиялық блок», «Біріктірілген туризм» турлары бойынша бақ сынады. Слет барысында қатысушылар кросс-жорық, туристік техника және тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, жартасқа шығу және құтқару, өз бетінше қашықтықты қауіпсіз өту және тағы да басқа тәжірибелік кедергілерден өтті.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қордай ауданының «Жас Ұлан», ІІ орынды Шу ауданының «Ұлан», ІІІ орынды Меркі ауданының «Жалын» жасақтары иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support