- Advertisement -

Бейжіңде қазақстандық балаларға арналған орталық ашылды

165

- Advertisement -

Бүгін Бейжіңде ҚР Сыртқы істер миинстрі Қайрат Әбдірахманов «Балдырған» балаларға арналған даму орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Қытайдағы ҚР елшілігінің қолдауымен ашылған бұл мекеме ел аумағынан тыс жүрген қазақтілді балаларға арналған алғашқы жеке даму орталығы атанды. Оған қазақстандық дипломаттардың және Бейжіңде аккредиттелген ұлттық компания өкілдерінің ұл-қыздары бара алады.

204 шаршы метр болатын аумақта мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілі, қазақтың дәстүрі мен мәдениеті үйретіледі. Онда тәжірибе, математикалық, тілдік және гимнастикалық деп аталатын бірнеше бөлім бар. Дамыту орталығы жұмыс күндері 08:00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Қосымша ағылшын тілі, хореография, ән салу және бейнелеу өнері үйірмелері жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта орталықта 13 тәрбиеленуші бар, онда қазақстандықтар ғана емес, Қырғызстан балалары да бар. Орталық Азия елдері біздің орталыққа үлкен қызығушылық танытып отыр», — дейді Балаларға арналған даму орталығының басшысы, психолог-педагог Назгүл Назарбекова.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support