- Advertisement -

Жамбыл облысында балық аулауға тыйым салынды

132

- Advertisement -

Балық және басқа да су жануарларының көбеюі үшін оларды көктемгі уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде аулауға болмайтыны белгілі. Десе де, жануарлар дүниесіне жаны ашымай, бір күндік пайдасын ойлайтындар баршылық. Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығымен Жамбыл облысындағы бірқатар өзен-көлдерде балық аулауға уақытша тыйым салынды.

Атап айтқанда, Билікөл, Бөгеткөл және Ақкөл көлдерін өзара байланыстыратын Аса өзенінде және оның құймаларында 1 наурыздан 1 шілдені қоса алғандағы аралықта; Шу-Талас бассейнінің басқа су айдындарында 15 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынды.

Тыныштық аймағын құру мақсатында Тасөткел су қоймасынан жоғары орналасқан Шу өзенінде, оның құймаларында және Талас өзенінде жыл бойы балық аулауға шектеу қойылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support