- Advertisement -

Ғ. Әбдірайымов Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды

172

- Advertisement -

Ғалымжан Әбдірайымов Тараз қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, білімі жоғары. 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы», 2003 жылы «Туран» университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған.
1991-1998 жылдары Луговой аудандық атқару комитеті жанындағы сәулет-жоспарлау бюросының техник-құрылысшысы, «Алрай» шаруа қожалығының төрағасы, «Альтаир» ЖШС сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры, 1998-2002 жылдары Алматы қалалық орталығы лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, 2003-2009 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы лауазымдарында жұмыс атқарған.
2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде басқарма басшысы, департамент директоры – Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Естеріңізге сала кетйік, бұған дейін көне шаһарды Рүстем Рысбайұлы Дәулет басқарған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support