- Advertisement -

Үшжақты келісімге қол қойылды

115

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жамбыл облысында іссапарымен болып қайтты. Сапар барысында министр өңірдегі ерекше тарихи орын «Ақыртас» кешенінде Жамбыл облысы әкімі А.Мырзахметовпен және «Қазақстантеміржолы» ҰҚ «Жүктасымалы» АҚ Президенті О.Кулаковпен бірге Юнесконың Бүкіләлемдік мұралар тізіміне және Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі жерлерінің тізіміне енген «Ақыртас» кешенін және осы өңірдегі өзге де тарихи-мәдени мұра нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселелерін қолға алуға бағытталған үш жақты меморандумға қол қойды.

Өз сөзінде министр Арыстанбек Мұхамедиұлы меморандумға қол қойған тараптар алға қойылған мақсаттарға жету үшін Әулиеата жерінің тарихи ескерткіштерін сақтау, зерттеу, реставрациялау, консервациялау және насихаттау ісіне барынша қолдау көрсететінін атап өтті.
Шара барысында Республикалық БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтіп, төртінші билік өкілдері министр мен әкімге көкейлеріндегі біраз сауалдарды жолдап толыққанды жауаптар алды.
Зерттелу тарихына 130 жылдан астам уақыт болған Ақыртас кешенінде өткен келелі кездесуде Жамбыл өңірінің туризм саласының дамуы, келешегі туралы сөз болды. Елімізге белгілі тарихшылар мен ғалымдар қатысқан жиында бірқатар мәселелер талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды. Қазақстанның киелі жерлер географиясына енген Ақыртас кешенінің тарихы қонақтар мен ғалымдарға кеңінен таныстырылып, экскурсия жүргізілді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support