- Advertisement -

Жеткіншектеріміз тегеурінділік танытты

206

- Advertisement -

«Тараз-Арена» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында республикалық «SportFEST Kazakhstan» жобасының облыстық іріктеу спартакиадасы өтті. Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған доданы еліміздің Білім және ғылым министрлігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры акционерлік қоғамы қолдап отыр.
Спорт аламанына Тараз қаласынан және барлық аудандардан 8-10-сынып аралығындағы 528 жасөспірім қатысып, спорттың 6 түрінен бақ сынады. Қыздар және ерлер арасындағы жарыс тартысқа толы болды. Нәтижесінде шағын футболдан облыс орталығындағы №36 орта мектептің оқушылары жеңімпаз атанса, Байзақ ауданының құрамасы екінші орынды иеленді. Тараздағы №12 орта мектеп оқушылары жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Баскетболдан да алғашқы екі орын тараздықтарға бұйырса, Шу ауданының жасөспірімдері үшінші орынға тұрақтады. Тоғызқұмалақтан шулық Қарақат Әлдибай мен Азат Омаржан жеңістің биік тұғырына көтерілсе, жуалылық Ерзат Тұралы, тараздық Айзада Абдуллаева екінші, тараздық Диас Өмірбай, жуалылық Данагүл Төребай үшінші орындардан көрінді. Шахматтан шулық Диас Жақсылық пен Жамбыл ауданының талапкері Шахизада Нағашыбаева жеңімпаз атанды. Үстел теннисінен тараздық Арслан Байназаров пен таластық Альбина Тұрар топ жарса, шулық Жансерік Жедеғабыл, тараздық Әйгерім Кемелбекова екінші орынды иеленді. Таластық Нұрасыл Қордабай, шулық Ақсезім Тілеуқұл үшінші орынға қол жеткізді. Спартакиада жеңімпаздары республикалық додада бақ сынайтын болады.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support