- Advertisement -

YouTube қауіпсіздік шараларын күшейтті

181

- Advertisement -

YouTube-тің штаб-пәтерінде болған атыстан кейін компания барлық кеңсесіндегі қауіпсіздікті күшейтуді ұйғарды. Бұл туралы Google компаниясы Туиттердегі аккаунтында жария етті.

Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы Насим Агдам есімді әйел сейсенбіде YouTube ғимаратында оқ атып, 3 адам жарақаттанды. Қаскөй оқиға орнында көз жұмды. Ол ғимаратқа басып кіріп, маңайдағыларға оқ жаудырған. Артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ ғимараттағылардың барлығын шығарып, тексеру жүргізді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қаскөйдің бұл қадамға баруына нақты не түрткі болғаны анықталған жоқ. Бірақ ол Youtube оның видеоларына шектеу қойып, қаражат табуға кедергі келдірді деп шағымданған.

Дереккөз: inform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support